Әскери қызметшілерге тұрғын үй төлемдерін қалай пайдалануға болады?

Жүктеу

Мақсатсыз пайдаланудан аулақ болыңыз

Тұрғын үй төлемдері тек Тұрғын үймен қамтамасыз ету қағидаларының 26-тармағында көзделген мақсаттарға ғана жұмсалуы мүмкін.

Қаражатты нысаналы мақсатына сай пайдаланбауға белгіленген мақсаттарға сәйкес келмейтін операциялар, атап айтқанда, мыналар жатады:

  • қаражатты рұқсат етілген тұрғын үй мақсаттарына қатысы жоқ жеке шығыстарға пайдалану;

  • ақшаны расталған шарттық негізсіз үшінші тұлғаларға аудару;

  • қаражатты Қағидаларда көзделмеген мақсаттарға пайдалану.

Жақын туыстармен мәмілелер жасау

Шарт тараптарының арасындағы туыстық қатынастың болуы өздігінен тұрғын үй төлемдерінің нысаналы мақсатына сай пайдаланылмағанын білдірмейді.

Тұрғын үйді сатып алу немесе жалға алу кезінде заңнама талаптарын сақтау, тиісті шартты ресімдеу және қаражаттың нысаналы мақсатта пайдаланылғанын растау қажет.

Нені ескеру қажет

Тұрғын үй төлемдері заңсыз немесе артық аударылған жағдайда, заңнамада көзделген қаражатты қайтару рәсімдері қолданылады.

Тұрғын үй төлемдері тоқтатылған кезде арнайы немесе жинақ шотында қалған қаражат № 487 Қағидаларда белгіленген шектеулерді ескере отырып пайдаланылады.

Жаңарту күні: Көру саны:158
  1. Мақсатсыз пайдаланудан аулақ болыңыз