Әскери қызметшілерге тұрғын үй төлемдерін қалай пайдалануға болады?

Жүктеу

Төлемдеріңізді мақсатты түрде қатаң түрде пайдаланыңыз

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 11 маусымдағы № 487 қаулысымен бекітілген Тұрғын үймен қамтамасыз ету қағидаларының 26-тармағына сәйкес тұрғын үй төлемдерін мынадай бес мақсатқа пайдалануға рұқсат етіледі:

  1. Тұрғын үйді меншікке сатып алу, оның ішінде ипотекалық тұрғын үй қарызын пайдалана отырып сатып алу, сондай-ақ осындай қарызды өтеу.

  2. Тұрғын үй құрылыс жинақтарын толықтыру арқылы кейіннен тұрғын үйді меншікке сатып алу.

  3. Тұрғын үйді жалға алу ақысын төлеу.

  4. Тұрғын үйді кейіннен сатып алу құқығымен жалға алу ақысын төлеу.

  5. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша жарналарды төлеу.

Қаражат Қазақстан Республикасының заңнама талаптарын сақтай отырып, тиісті шарттар негізінде пайдаланылады.

Қызмет өткеру орны бойынша тұрғын үй төлемдерін пайдалана отырып тұрғын үй сатып алу міндеттемесі болған жағдайда, сол елді мекенде тұрғын үйді жалға алу үшін ағымдағы тұрғын үй төлемдері жүргізілмейді.

Тұрғын үй төлемдерінің қатаң нысаналы мақсаты бар және оларды Қағидаларда көзделмеген шығыстарға пайдалануға болмайды.

Жаңарту күні: Көру саны:183
  1. Төлемдеріңізді мақсатты түрде қатаң түрде пайдаланыңыз