Әскери қызметшілерге тұрғын үй төлемдерін қалай пайдалануға болады?
ЖүктеуТұрғын үй төлемдері үшін арнайы шот ашыңыз
Тұрғын үйге мұқтаж деп танылған және тұрғын үй төлемдерін алуға құқығы бар әскери қызметші екінші деңгейдегі банкте бір жеке арнайы шот ашады.
Мемлекеттік мекеме, тұрғын үй төлемдерін алушы және банк арасында қағаз немесе электрондық нысанда тұрғын үй төлемдері туралы үшжақты шарт жасалады.
Тұрғын үй төлемдерін мемлекеттік мекеме әскери қызметшінің жеке арнайы шотына аударады.
Қаражат тек Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 487 қаулысымен бекітілген Тұрғын үймен қамтамасыз ету қағидаларының 26-тармағында көзделген мақсаттарға ғана пайдаланылуы мүмкін.
Қаражатты қолма-қол ақша түрінде алуға немесе оны белгіленген мақсаттардан тыс жеке қажеттіліктерге пайдалануға жол берілмейді.
