Әскери қызметшілерге тұрғын үй төлемдерін қалай пайдалануға болады?

Жүктеу

Егер сіз қызметтік тұрғын үйде немесе жабық қалашықта тұрсаңыз

Жекешелендіруге жатпайтын қызметтік тұрғын үймен қамтамасыз етілген әскери қызметшілер үшін заңнамада ағымдағы тұрғын үй төлемдерін тағайындаудың ерекшеліктері көзделген.
Қағидаларда белгіленген жағдайларда мұндай төлемдер есептелген ағымдағы тұрғын үй төлемдері мөлшерінің 50%-ы көлемінде жүзеге асырылады.
Бұл ретте төлемдерді алу құқығы белгіленген шарттардың сақталуына және оларды тағайындаудан бас тарту негіздерінің болмауына байланысты болады.
Тұрғын үй төлемдерін пайдалана отырып тұрғын үй сатып алу құқығын бұрын іске асырған, тұрғын үйді жекешелендірген немесе заңнамада көзделген өтемақыларды алған адамдар үшін жеке тәртіп қарастырылған. Белгілі бір жағдайларда оларға тағайындалатын 50% мөлшеріндегі төлемдер тек тұрғын үйді жалға алу ақысын төлеуге пайдаланылуы мүмкін.
Қаражатты пайдаланбас бұрын қызмет өткеру орны бойынша тұрғын үймен қамтамасыз етуге жауапты бөлімшеден қолданылатын тәртіпті нақтылау қажет.

Жаңарту күні: Көру саны:78
  1. Егер сіз қызметтік тұрғын үйде немесе жабық қалашықта тұрсаңыз