Қазақстанда үй жануарларына микрочип қалай салынған?
ЖүктеуҮй жануарлары қалай есепке алынады?
Иттер мен мысықтар міндетті түрде есепке алынуға жатады. Үй жануарларының жекелеген басқа түрлерін есепке алу бекітілген тізбеге сәйкес ерікті негізде жүзеге асырылады.
Жануарды есепке қою үшін оның иесі белгіленген тәртіппен үй жануарларын тіркеуді жүзеге асыратын тұлғаға немесе ұйымға жүгінеді.
Жануардың иесі Қағидаларда көзделген сәйкестендіру құралын өз бетінше таңдайды және сатып алады.
Сәйкестендіруден кейін жануар мен оның иесі туралы мәліметтер тиісті дерекқорға енгізіледі.
