Нотариус қызметін онлайн қалай алуға болады?
ЖүктеуОнлайн сенімхатты қалай ресімдеуге болады?
Нотариалды куәландырылған сенімхат азаматтарға eGov арқылы қолжетімді Цифрлық деп аталатын сенімхат клиент пен нотариус арасындағы бейнебайланыс арқылы онлайн режимде ресімделеді.
Цифрлық сенімхат ресімдеу үшін сізге:
- eGov Mobile қолданбасында авторизация жасаңыз;
- өтінімді толтыру және оған ЭЦҚ арқылы қол қою;
- жеке басын растау үшін қолданбадан нотариусқа бейнеқоңырау шалу;
- нотариаттық қызметке белгіленген тариф бойынша ақы төлеу;
- «Цифрлық құжаттар» бөлімінде цифрлық сенімхат алу қажет.
Цифрлық сенімхатты қағаз түріндегі аналогымен бірге барлық мемлекеттік органдарда немесе сұратқан орындарда ұсынуға болады.
Цифрлық үкіметтің веб-порталы арқылы мынадай нотариаттық әрекеттерді қашықтан жасау көзделген:
-
мүлікке билік ету жөніндегі сенімхаттарды қоспағанда, сенімхаттарды куәландыру;
-
келісімді куәландыру;
-
некеде тұрмайтыны туралы өтінішті куәландыру.
