eGov мобильді қосымшасы туралы не білуіңіз керек?
ЖүктеуҚосымшада ЭЦҚ алу
ЭЦҚ алу үшін:
- eGov Mobile қосымшасының басты бетінде «Кіру/Тіркелу» батырмасын басыңыз
- «Жаңа ЭЦҚ шығару» батырмасын басыңыз
- ЖСН және телефон нөміріңізді енгізіп, «Код алу» батырмасын басыңыз
- Нөмірді растау үшін SMS-тен келген кодты енгізіңіз
- Камераны пайдалануға рұқсат беріңіз
- Бейне тексеруден өтіңіз
- Жеке куәлікке және телефон нөміріне қол жеткізуге рұқсат беріңіз
- ЭЦҚ үшін құпиясөз ойлап табыңыз немесе ұсынылғанын пайдаланыңыз
- Жылдам қол жеткізу кодын ойлап тауып, оны қайталаңыз
- Құрылғыңыздың биометриясын пайдаланыңыз (бет-әлпетті тану немесе саусақ ізі).
Ескерту: eGov Mobile мобильді қосымшасында шығарылған ЭЦҚ сертификаттарын тек осы қосымшада ғана пайдалануға болады.







