Шетелде құжаттарды қалай заңдастыруға болады?

Жүктеу

Заңдастырылған құжаттарға қойылатын талаптар

  1. Заңдастыру үшін құжаттардың түпнұсқалары, сондай-ақ олардың нотариалды куәландырылған көшірмелері қабылданады.
  2. Шетелдік ұйымдар мен мекемелер берген құжаттар мемлекеттік немесе орыс тіліне аударылып, аудармашы немесе аударма қызметін көрсететін ұйым куәландырады.
  3. Қазақстан Республикасының нотариустары куәландырған және Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде іс-әрекеттер жасауға арналған құжаттар Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 32 бұйрығымен бекітілген Нотариаттық іс жүргізу қағидаларының 10-тарауында белгіленген талаптарға сәйкес келуге тиіс.

Мыналар заңдастыруға жатпайды:

  1. уәкілетті тұлғаның қолы және мөрі қойылмаған құжаттар;
  2. егер құжаттың түпнұсқасында уәкілетті тұлғаның қолы мен мөрі болмаса, құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері мен аудармалары;
  3. электрондық құжаттар;
  4. туу туралы куәлікті қоспағанда, жеке басын куәландыратын құжаттардың түпнұсқалары.

Шетелдік құжаттарды тану тәртібі:

  1. Апостиль (1961 жылғы Гаага конвенциясы): Қазақстан Республикасы шетелдік ресми құжаттарды легализациялау талаптарын жоятын Конвенцияның қатысушысы болып табылады. Құжаттарға «апостиль» мөртабаны қойылады, содан кейін олар басқа қатысушы елдерде ешқандай шектеусіз қабылданады.
  2. Құқықтық көмек туралы шарттар: Қазақстан екіжақты немесе көпжақты шарттар жасасқан мемлекеттердің ресми құжаттары (мысалы, Минск конвенциясы аясындағы ТМД елдері) апостильсіз және легализациялаусыз қабылданады (тек нотариалды куәландырылған аударма қажет).
  3. Консульдық легализация: Гаага конвенциясына қатысушы болып табылмайтын және ҚР-мен құқықтық көмек туралы шарттары жоқ мемлекеттерге жіберілетін құжаттар үшін қолданылады.

 

1961 жылғы Гаага конвенциясына қатысушы елдер:

Австралия

Гонконг

Макао

Сент-Люсия

Австрия

Гренада

Малави

Сербия

Әзербайжан

Грекия

Мальта

Сингапур

Албания

Грузия

Маршалл аралдары

Словакия

Андорра

Дания

Мексика

Словения

Антигуа және Барбуда

Доминика

Молдова

АҚШ

Аргентина

Доминикан Республикасы

Монако

Суринам

Армения

Израиль

Моңғолия

Тәжікстан

Аруба

Үндістан

Намибия

Тонга

Багам аралдары

Ирландия

Нидерланд

Тринидад және Тобаго

Барбадос

Исландия

Жаңа Зеландия

Түркия

Бахрейн

Испания

Норвегия

Өзбекстан

Белиз

Италия

Оман

Украина

Беларусь

Кабо-Верде

Панама

Уругвай

Бельгия

Қазақстан

Парагвай

Фиджи

Бермуд аралдары

Кипр

Перу

Финляндия

Болгария

Қырғызстан

Польша

Франция

Босния және Герцеговина

Колумбия

Португалия

Хорватия

Ботсвана

Корея (Республикасы)

Пуэрто-Рико

Черногория

Бразилия

Коста-Рика

Ресей Федерациясы

Чехия

Британдық Виргин аралдары

Косово

Румыния

Швейцария

Бруней-Даруссалам

Латвия

Сальвадор

Швеция

Бурунди

Лесото

Самоа

Эквадор

Вануату

Либерия

Сан-Марино

Эстония

Ұлыбритания

Литва

Сан-Томе және Принсипи

Оңтүстік Африка Республикасы

Венгрия

Лихтенштейн

Сейшель аралдары

Жапония

Венесуэла

Люксембург

Сент-Винсент және Гренадиндер

Германия

Маврикий

Сент-Китс және Невис

 

Жаңарту күні: Көру саны:673
  1. Заңдастырылған құжаттарға қойылатын талаптар