«ХҚБ» - халық қатысатын бюджет туралы не білуіңіз керек?
ЖүктеуАқпарат алу үшін қайда жүгіну керек?
Халық қатысатын бюджетке қатысу үшін тиісті қала немесе аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсына өтіп, «Халық қатысатын бюджет» бөлімін табу қажет.
Бұл бөлімде жобалық ұсыныстарды қабылдау мерзімдері, қатысу шарттары, дауыс беруге жіберілген жобалар, іріктеу нәтижелері және бастамалардың іске асырылу барысы туралы ақпарат орналастырылады.
Жекелеген қалаларда арнайы электрондық платформалар пайдаланылады.
Пайдалы сілтемелер:
-
Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының порталы — https://www.gov.kz
-
Алматы қаласының халық қатысатын бюджеті — https://budget.open-almaty.kz
Нақты өңір бойынша ақпарат алу үшін тиісті әкімдікке жүгіну және халық қатысатын бюджетті іске асырудың жарияланған тәртібімен танысу ұсынылады.
