«ХҚБ» - халық қатысатын бюджет туралы не білуіңіз керек?
ЖүктеуХҚБ бюджеті
Халық қатысатын бюджет жобаларын іске асыруға арналған шығыстардың ең төменгі көлемі жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы трансферттерді, кредиттер мен қарыздарды қоспағанда, тиісті жергілікті бюджеттің 07 «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық» функционалдық тобы бойынша жоспарланған жылдық шығыстар көлемінің кемінде 10%-ын құрайды.
Бір жобалық ұсынысты іске асырудың шекті құны:
-
астанадағы және республикалық маңызы бар қалалардағы аудандар үшін — 75 000 АЕК;
-
облыстық маңызы бар қалалар және облыстық маңызы бар қалалардағы аудандар үшін — 15 000 АЕК;
-
аудандық маңызы бар қалалар үшін — 1 500 АЕК.
Құны тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіш негізінде есептеледі.
Іріктелген жобаларды қаржыландыру жергілікті бюджет процесі және көзделген бюджет қаражаты шеңберінде жүзеге асырылады.
Маңызды! Жобаны ұсынбас бұрын жергілікті атқарушы органның ресми ресурсында халық қатысатын бюджеттің тиісті кезеңіне белгіленген шекті құн мен шарттарды тексеру қажет.
