Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық болған жағдайда қайда жүгіну керек?
Жүктеу111 байланыс орталығының қызметі
«111» байланыс орталығы отбасы, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша көмек көрсетеді.
Қызметінің негізгі бағыттары:
-
құқықтарды қорғау мәселелері бойынша консультация беру;
-
психологиялық қолдау көрсету;
-
қолжетімді көмек шаралары туралы ақпарат ұсыну;
-
мемлекеттік органдармен және тиісті қызметтермен өзара іс-қимыл жасауға жәрдемдесу.
Өтініштер қазақ және орыс тілдерінде тәулік бойы қабылданады.
Өмір мен денсаулыққа тікелей қауіп төнген жағдайда полицияға 102 нөмірі арқылы немесе шұғыл қызметтерге 112 нөмірі арқылы хабарласу қажет.
