Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық болған жағдайда қайда жүгіну керек?
ЖүктеуДағдарыс орталықтары
Қазақстан Республикасында тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге қауіпсіз баспана және жан-жақты көмек көрсететін мамандандырылған дағдарыс орталықтары мен баспаналардың (мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарды қоса алғанда) кең желісі жұмыс істейді.
Орталықтарда қандай қызметтер көрсетіледі:
Тегін уақытша тұру (қажет болған жағдайда ұзарту мүмкіндігімен бір айға дейінгі кезеңге).
Шұғыл психологиялық және құқықтық көмек.
Құжаттарды қалпына келтіруге, жұмысқа орналастыруға және әлеуметтік төлемдерді ресімдеуге жәрдемдесу.
Зардап шеккендердің мүдделерін қорғау және мемлекеттік және құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл кезінде сүйемелдеу.
Қалай көмек алуға болады:
Ішкі істер органдары мен құқық бұзушылықтардың алдын алу субъектілерінің жеке профилактика шаралары шеңберінде зардап шеккендерді мамандандырылған дағдарыс орталықтарына жіберуге заңды құқығы бар. Сондай-ақ, ол жерге ресми байланыстар арқылы немесе шұғыл әрекет ету қызметтері арқылы өзіңіз хабарласа аласыз.
Егер сіз зорлық-зомбылыққа ұшыраған болсаңыз, есіңізде болсын: үнсіздік жағдайды нашарлатады. Көмек алу үшін 102 (полиция), 111 (отбасы мен балаларды қорғау жөніндегі байланыс орталығы) немесе 150 (сенім телефоны) нөміріне хабарласыңыз.
