Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық болған жағдайда қайда жүгіну керек?

Жүктеу

Зорлық-зомбылық түрлері

Тұрмыстық зорлық-зомбылық күш көрсету, психологиялық, жыныстық немесе экономикалық зорлық-зомбылық түрінде болуы мүмкін.

  • Күш көрсету зорлық-зомбылығы - дене күшін қолданып, денені ауыртып денсаулыққа қасақана зиян келтіру.
  • Психологиялық зорлық-зомбылық – адамның психикасына қасақана әсер ету, оны қорқыту, қорлау, бопсалау немесе құқық бұзушылықтарды немесе өмірге немесе денсаулыққа қауіп төндіретін, сондай-ақ психикалық, дене және жеке басы дамуының бұзылуына әкелетін әрекеттерді жасауға мәжбүрлеу (еріксіз көндіру) арқылы ар-намысы мен абыройын кемсіту.
  • Сексуалдық зорлық-зомбылық –адамның жыныстың тиіспеушілігіне немесе жыныстық еркіндігіне қауіп төндіретін құқыққа қарсы қасақана іс-әрекет, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы іс-әрекеттер.
  • Экономикалық зорлық-зомбылық – адамды заңмен көзделген құқығы бар тұрғын үйінен, тамағынан, киімінен, мүлкінен, қаражатынан қасақана айыру.

 

Жаңарту күні: Көру саны:13151
  1. Зорлық-зомбылық түрлері