ЖКО-ға түскен жағдайда не істеу қажет

Жүктеу

Келтірілген зиянын төлеу

Сақтандыру өтемін қалай алуға болады?

Сақтандыру төлемін алу үшін жәбірленуші Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен сақтандыру ұйымына жүгінуі қажет.

ЖКО Еурохаттама арқылы ресімделген жағдайда сақтандыру төлемін алу туралы өтініш ЖКО мән-жайлары туралы декларациямен бірге сақтандырушыға электрондық форматта жіберіледі.

Еурохаттама бойынша сақтандыру төлемін жүзеге асыру мерзімдері

Сақтандырушы сақтандыру төлемін үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырады:

  • жәбірленушінің көлік құралына келтірілген залал мөлшері келісілген күннен бастап;

  • немесе сақтандырушының көлік құралдарын қарап-тексеруі талап етілмесе, декларацияны алған сәттен бастап.

Төлем мөлшері декларацияға немесе залалды бағалау нәтижелеріне сәйкес айқындалады және 100 АЕК-тен аспауға тиіс.

Егер сақтандыру ұйымы төлем жасаудан бас тартса

Заңнамада көзделген бас тарту негіздері болған жағдайда сақтандырушы декларацияны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жәбірленушіге жеке кабинет арқылы бас тарту себептері көрсетілген дәлелді шешімді жібереді.

Егер жәбірленуші залал мөлшерімен келіспесе

Жәбірленуші заңнамада белгіленген тәртіппен залал мөлшерін есептеу нәтижелеріне дау айтуға құқылы.

Дау туындаған жағдайда сақтандыру ұйымы белгіленген қағидаларға сәйкес залалдың дауланбайтын бөлігі бойынша төлем жүргізеді.

Егер ЖКО полицияның қатысуымен ресімделсе

Сақтандыру төлемі Қазақстан Республикасының «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Заңында көзделген міндетті сақтандырудың жалпы тәртібімен жүзеге асырылады.

Еурохаттама үшін белгіленген мерзімдерді барлық ЖКО жағдайларына автоматты түрде қолдануға болмайды.

Егер залал мөлшері сақтандыру өтемінен асып кетсе

Заңнамада көзделген жағдайларда жәбірленуші келтірілген зиян үшін жауапты тұлғадан айырманы өтеуді талап етуге құқылы.

Жаңарту күні: Көру саны:9268
  1. Келтірілген зиянын төлеу