ЖКО-ға түскен жағдайда не істеу қажет

Жүктеу

ЖКО жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік

Қылмыстық жауаптылық

Егер Жол қозғалысы қағидаларын бұзу адамның денсаулығына орташа ауырлықтағы немесе ауыр зиян келтіруге не адамның өліміне әкеп соқса, кінәлі тұлға Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес қылмыстық жауаптылыққа тартылады.

Туындаған зардаптардың ауырлығына қарай сот мынадай жазаларды тағайындауы мүмкін:

  • айыппұл;
  • түзеу жұмыстары;
  • қоғамдық жұмыстарға тарту;
  • бас бостандығын шектеу;
  • бас бостандығынан айыру;
  • белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан, оның ішінде көлік құралдарын басқару құқығынан айыру.

Жол қозғалысы қағидаларын бұзғаны үшін қылмыстық жауаптылық, атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345 және 345-1-баптарында көзделген.

Жаңарту күні: Көру саны:8497
  1. ЖКО жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік