ЖКО-ға түскен жағдайда не істеу қажет

Жүктеу

Техникалық сараптама (шығынды бағалау)

Жол-көлік оқиғасынан кейін жәбірленуші Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен сақтандыру төлемін алу үшін жүгінуге құқылы.
Сақтандыру ұйымы залал мөлшерін айқындайды және қажет болған жағдайда зақымдалған көлік құралын қарап-тексеруді ұйымдастырады.
Қарап-тексеру барысында автокөліктің зақымданулары тіркеліп, келтірілген залал мөлшері анықталады.
Сақтандыру ұйымына жүгіну
Сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандыру ұйымын уақтылы хабардар етіп, сақтандыру төлемін алу туралы өтініш беру қажет.
ЖКО Еурохаттама арқылы ресімделген жағдайда өтініш декларациямен, фотосуреттермен және басқа да қажетті мәліметтермен бірге оқиға орнынан тікелей электрондық форматта жіберіледі.
Қалған жағдайларда өтініш беру Қазақстан Республикасының «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Заңында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
Еурохаттама бойынша залалды бағалау ерекшеліктері
Еурохаттама бойынша сақтандыру төлемінің шекті мөлшері 100 АЕК құрайды.
Егер сақтандырушының қарап-тексеру жүргізуі талап етілмесе, сақтандыру жағдайын реттеу сақтандырушы декларацияны қабылдағаннан кейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады.
Егер сақтандырушы автокөлікті қарап-тексерсе, төлем мөлшері залалды бағалау нәтижелері бойынша 100 АЕК шегінде айқындалады.
Егер сақтандырушы қарап-тексеруден кейін екі жұмыс күні ішінде залал мөлшері туралы есепті ұсынбаса, төлем декларацияда көрсетілген мөлшерде, бірақ 100 АЕК-тен аспайтын сомада жүзеге асырылады.
Бағалау нәтижелерімен келіспеген жағдайда жәбірленуші есеппен танысқан күннен бастап екі жұмыс күні ішінде келіспеу себептерін көрсете отырып, сақтандырушыға наразылық жіберуге құқылы.
Егер ЖКО-ға кінәлі тұлғаның міндетті сақтандыруы болмаса
ЖКО-ға кінәлі тұлғада көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандырудың (КҚИ АҚЖМС) қолданыстағы шартының болмауы жәбірленушіні келтірілген зиянды өтеуді талап ету құқығынан айырмайды.
Мұндай жағдайда залалды өтеу мәселесі Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес, оның ішінде дау туындаған кезде сот тәртібімен шешіледі.

Жаңарту күні: Көру саны:11133
  1. Техникалық сараптама (шығынды бағалау)