Баланы балабақшаға қалай орналастыру керек?
ЖүктеуКіріспе
Қазақстанда баланы балабақшаға кезекке қою және мектепке дейінгі ұйымға қабылдау білім беру саласындағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.
Жекелеген өңірлерде мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды ваучерлік қаржыландырудың пилоттық жобасы қолданылады. Пилоттық жоба шеңберінде мемлекеттік білім беру тапсырысы балаға берілетін ваучерді ескере отырып орналастырылады.
Өтініш беру, ваучер алу және балабақша таңдау тәртібі тиісті елді мекеннің пилоттық жобаға қатысуына байланысты болады.
Өтініш бермес бұрын жергілікті білім беруді басқару органының ресми сайтынан қолданыстағы тәртіпті және пайдаланылатын ақпараттық жүйені нақтылау қажет.
