Баланы балабақшаға қалай орналастыру керек?

Жүктеу

Ваучер туралы хабарлама алу

Балабақшаға бару үшін ваучерді қалай алуға болады

Ваучерлік қаржыландырудың пилоттық жобасына қатысатын елді мекендерде ваучер белгіленген кезектілікке сәйкес беріледі.

Балаға ваучер берілген кезде ата-анасына немесе заңды өкіліне тиісті ақпараттық жүйе арқылы хабарлама жіберіледі.

Хабарлама алғаннан кейін не істеу керек

  1. Ақпараттық жүйедегі хабарламаны ашыңыз.

  2. Берілген ваучер туралы мәліметтерді тексеріңіз.

  3. Екі жұмыс күні ішінде ваучерді пайдалануға келісіміңізді растаңыз немесе одан бас тартыңыз.

Ваучер расталмаса не болады

Белгіленген мерзімде жауап берілмеген жағдайда өтініш белсенді емес мәртебесіне ауысады және 28 күнтізбелік күн ішінде ваучерлерді беру процесіне қатыспайды.

Өтініш беруші ваучерден бас тартқан жағдайда кезек жойылады.

Өтініштің белсенділігін қалпына келтіру үшін пилоттық жобаның қолданыстағы алгоритмінде және пайдаланылатын ақпараттық жүйеде көзделген әрекеттерді орындау қажет.

Жаңарту күні: Көру саны:13686
  1. Ваучер туралы хабарлама алу