Жүргізуші куәлігін алу

Жүктеу

Кіріспе

Жүргізуші куәлігі тиісті санаттар мен кіші санаттардағы көлік құралдарын басқару құқығын растайды.
Жүргізуші куәлігін алғаш рет алу үшін белгіленген жас және медициналық талаптарға сәйкес келу, заңнамада көзделген жағдайларда тиісті даярлықтан өту және емтихандарды сәтті тапсыру қажет.
Жүргізуші куәлігі қолданылу мерзімі аяқталған, дербес деректер өзгерген, жоғалған, ұрланған және заңнамада көзделген басқа да жағдайларда ауыстырылуға жатады.
Қазақстан Республикасында жүргізуші куәлігі, әдетте, 10 жыл мерзімге беріледі.

  1. Кіріспе