Жүргізуші куәлігін алу

Жүктеу

Аты-жөнініз өзгерілген (немесе ұрланған / жоғалған) жағдайда жүргізуші куәлігін ауыстыру (+онлайн)

Тегі, аты немесе әкесінің аты өзгерген, жүргізуші куәлігі жоғалған немесе ұрланған жағдайда оны ауыстыру үшін цифрлық үкімет порталы арқылы өтініш беруге немесе мамандандырылған ХҚКО-ға жүгінуге болады.

Өтінішті онлайн қалай беруге болады?

  1. eGov.kz порталында авторизациядан өтіңіз.

  2. «Жүргізуші куәліктерін беру» мемлекеттік қызметін таңдаңыз.

  3. Электрондық сұрау салуды толтырыңыз.

  4. Егер электрондық өтініш нысанында талап етілсе, фотосурет пен қолтаңба үлгісін тіркеңіз.

  5. Дайын жүргізуші куәлігін алу үшін бөлімшені таңдаңыз.

  6. Мемлекеттік бажды төлеңіз.

  7. Өтінішке электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) қол қойыңыз.

  8. Өтініштің мәртебесін жеке кабинетте қадағалаңыз.

  9. Қажетті сәйкестендіру рәсімдерінен өткеннен кейін таңдалған бөлімшеден жүргізуші куәлігін алыңыз.

Қандай құжаттар қажет?

Жүргізуші куәлігін алу кезінде жеке басты куәландыратын құжатты көрсету қажет.

Бұрын берілген жүргізуші куәлігі бар болған жағдайда және қызмет көрсету қағидаларында көзделген жағдайларда ұсынылады.

Дербес деректер өзгерген кезде мәліметтер мемлекеттік ақпараттық жүйелер арқылы тексеріледі. Қосымша растайтын құжаттар Қағидаларда көзделген жағдайларда ұсынылады.

Құны: 1,25 АЕК.

Қызмет көрсету мерзімі:

  • Мемлекеттік корпорация арқылы — 120 минут;

  • цифрлық үкімет порталы және өзге де ақпараттандыру объектілері арқылы — 60 минут.

Нәтижесі: жаңа жүргізуші куәлігі немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Жаңарту күні: Көру саны:4160
  1. Аты-жөнініз өзгерілген (немесе ұрланған / жоғалған) жағдайда жүргізуші куәлігін ауыстыру (+онлайн)