Жүргізуші куәлігін алу

Жүктеу

Жүргізуші куәлігін мерзімінің аяқталуы бойынша ауыстыру

Жүргізуші куәлігінің қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін оны ауыстыру қажет.

Жүргізуші куәлігін қалай ауыстыруға болады?

  1. Мамандандырылған ХҚКО-ға жүгініңіз немесе өтініш берудің қолжетімді электрондық тәсілін пайдаланыңыз.

  2. Егер тиісті ауыстыру жағдайында талап етілсе, медициналық куәландырудан өтіңіз.

  3. Қажетті мәліметтер мен құжаттарды ұсыныңыз.

  4. Мемлекеттік бажды төлеңіз.

  5. Жаңа жүргізуші куәлігін алыңыз.

Қажетті құжаттар мен мәліметтер:

  • жеке басты куәландыратын құжат;

  • бұрын берілген жүргізуші куәлігі;

  • көзделген жағдайларда медициналық куәландыру туралы мәліметтер;

  • мемлекеттік баждың төленгені туралы мәліметтер.

Құны: 1,25 АЕК.

Қызмет көрсету мерзімі:

  • Мемлекеттік корпорация арқылы — 120 минут;

  • цифрлық үкімет порталы және өзге де ақпараттандыру объектілері арқылы — 60 минут.

Маңызды! Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында айыппұл түріндегі әкімшілік жаза қолдану туралы қаулының немесе айыппұл төлеу туралы нұсқаманың белгіленген мерзімде орындалмауы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіз болуы мүмкін.

Қызмет көрсету нәтижесі — жаңа жүргізуші куәлігі немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Жаңарту күні: Көру саны:6971
  1. Жүргізуші куәлігін мерзімінің аяқталуы бойынша ауыстыру