Жүргізуші куәлігін алу
ЖүктеуАлғашқы рет немесе санатты ауыстыру кезінде жүргізуші куәлігін алу
«Жүргізуші куәліктерін беру» мемлекеттік қызметін Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ның мамандандырылған бөлімдері арқылы көрсетеді.
Жүргізуші куәлігін алғаш рет алу үшін:
-
Белгіленген даярлықтан өту.
-
Медициналық куәландырудан өту.
-
Теориялық және практикалық емтихандарға жазылу.
-
Емтихандарды сәтті тапсыру.
-
Мемлекеттік бажды төлеу.
-
Белгіленген тәртіппен жүргізуші куәлігін алу қажет.
Қажетті құжаттар мен мәліметтер:
-
жеке басты куәландыратын құжат, оның ішінде электрондық нысанда;
-
денсаулық сақтау ақпараттық жүйесіндегі медициналық анықтама туралы мәліметтер;
-
көзделген ақпараттық жүйелердегі оқу курстарын аяқтағаны туралы мәліметтер;
-
мемлекеттік баждың төленгені туралы мәліметтер.
Қосымша санатты ашу кезінде осы санат үшін белгіленген жасқа, жүргізушілік өтілге, даярлыққа және емтихандарды тапсыруға қойылатын талаптарды орындау қажет.
Құны: 1,25 АЕК.
Мемлекеттік корпорация арқылы қызмет көрсету мерзімі: емтихандарды тапсыру уақытын есептемегенде 120 минут.
Нәтижесі: жүргізуші куәлігі немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
