Жүргізуші куәлігін алу

Жүктеу

Емтиханға дайындалу және оны тапсыру

Жүргізуші куәлігін алғаш рет алу үшін Жүргізушілерді даярлау, емтихандарды қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларында белгіленген тәртіппен даярлықтан өтіп, емтихандарды тапсыру қажет.

1. Оқудан өтіңіз.

Жүргізушілерді даярлау көлік құралдарының жүргізушілерін оқытуды жүзеге асыратын оқу ұйымдарында жүргізіледі.

Оқудың ұзақтығы мен мазмұны таңдалған санатқа немесе кіші санатқа байланысты болады.

Оқуды аяқтағаны туралы мәліметтер көзделген ақпараттық жүйелер арқылы беріледі.

2. Емтихандарға жазылыңыз.

Теориялық және практикалық емтихандарды тапсыруға электрондық кезекті алдын ала брондау сервисі арқылы жазылуға болады.

3. Теориялық емтиханды тапсырыңыз.

Теориялық емтихан Жол жүрісі қағидалары мен жол жүрісі қауіпсіздігі талаптары бойынша білімді тексеру мақсатында өткізіледі.

Теориялық емтиханды тапсыра алмаған кандидат практикалық емтиханға жіберілмейді.

4. Практикалық емтиханды тапсырыңыз.

Теориялық емтиханды сәтті тапсырғаннан кейін кандидат тиісті санаттағы көлік құралын басқару дағдыларын тексеруге жіберіледі.

5. Емтихандарды қайта тапсыру.

Егер кандидат теориялық немесе практикалық емтиханды тапсыра алмаса, қайта тапсыру мүмкіндігі қолданыстағы Қағидаларға сәйкес белгіленеді.

Қайта тапсыру мерзімі теріс нәтижелер санына және емтихан түріне байланысты болады. Бірнеше сәтсіз әрекеттен кейін күту аралықтары ұлғайтылуы мүмкін, ал көзделген жағдайларда теориялық емтиханның бұрын алынған оң нәтижесі жойылуы мүмкін.

Емтиханды қайта тапсырудың нақты күнін емтиханға жазылу кезінде қолданыстағы Қағидаларға сәйкес нақтылау қажет.

Жаңарту күні: Көру саны:64257
  1. Емтиханға дайындалу және оны тапсыру