Жүргізуші куәлігін алу

Жүктеу

Медициналық қарап-тексеруден өту

Медициналық куәландыру адамның көлік құралдарын басқаруға жарамдылығын анықтау мақсатында жүргізіледі.
Жүргізуші куәлігін алғаш рет алу кезінде белгіленген тәртіппен медициналық куәландырудан өту қажет.
Нәтижелері бойынша № 073/е нысанындағы көлік құралын басқаруға рұқсат беру туралы медициналық анықтама ресімделеді.
Медициналық куәландыру туралы мәліметтер денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесі арқылы беріледі.
Медициналық анықтама қашан қажет?
Медициналық куәландыру жүргізуші куәлігін алғаш рет алу кезінде, сондай-ақ заңнамада көзделген басқа да жағдайларда қажет.
Жүргізуші куәлігін қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін ауыстырған кезде, егер міндетті медициналық куәландырудан өтуге өзге негіздер болмаса, медициналық анықтама талап етілмейді.
Маңызды! Жүргізушілердің жекелеген санаттары үшін заңнамада мерзімді медициналық қарап-тексеруден өту көзделген.

Жаңарту күні: Көру саны:8043
  1. Медициналық қарап-тексеруден өту