Жүргізуші куәлігін алу
ЖүктеуЖүргізуші куәлігін кім ала алады
Жүргізуші куәлігін заңнамада белгіленген жасқа толған, көлік құралдарын басқаруға медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ және тиісті санатқа қойылатын талаптарды орындаған адамдар ала алады.
Негізгі жас талаптары:
-
16 жастан бастап — A1 кіші санаты;
-
18 жастан бастап — A, B санаттары және B1, C1 кіші санаттары;
-
21 жастан бастап — C санаты және белгіленген жүргізушілік өтілі болған жағдайда D1 кіші санаты;
-
басқа санаттар мен кіші санаттар үшін жасына, көлік құралын басқару өтіліне және даярлығына қатысты арнайы талаптар қолданылады.
Жүргізуші куәлігін алғаш рет алу үшін:
-
Көлік құралының қажетті санатын немесе кіші санатын анықтау.
-
Медициналық куәландырудан өту.
-
Заңнамада көзделген жағдайларда жүргізушілерді даярлау ұйымында оқудан өту.
-
Теориялық және практикалық емтихандарды тапсыру.
-
Жүргізуші куәлігін алу үшін өтініш беру қажет.
Жасқа және көлік құралын басқару өтіліне қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының «Жол жүрісі туралы» Заңымен айқындалады.
