Сіз ауырып қалдыңыз ба?
ЖүктеуКіріспе
Денсаулық жағдайы нашарлаған кезде медициналық көмекке уақтылы жүгіну маңызды.
Егер жағдай өмірге тікелей қауіп төндірмесе, өзіңіз тіркелген емханаға жүгінуге, дәрігердің қабылдауына жазылуға немесе медициналық көрсетілімдер болған жағдайда медицина қызметкерін үйге шақыруға болады.
Жедел медициналық көмекті қажет ететін жағдайларда 103 нөміріне қоңырау шалу қажет. Төтенше жағдайда 112 бірыңғай нөміріне де хабарласуға болады.
Бұл материалда емханаға қалай тіркелуге, медициналық көмек алуға, дәрігердің қабылдауына жазылуға, дәрігерді үйге шақыруға және уақытша еңбекке жарамсыздық туралы құжатты ресімдеуге болатыны түсіндіріледі.
