Сіз ауырып қалдыңыз ба?
ЖүктеуЕңбекке уақытша жарамсыздық парақтарын қалай алуға болады?
Егер ауру немесе жарақат еңбек міндеттерін орындауға немесе оқу сабақтарына қатысуға уақытша кедергі келтірсе, медициналық ұйым еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын ресімдей алады.
Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы мен анықтамасының айырмашылығы қандай?
Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы еңбекке қабілеттіліктің уақытша жоғалғанын растайды және заңнамада көзделген жағдайларда жұмыстан босатуға және жәрдемақы тағайындауға негіз болып табылады.
Еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама тиісті мән-жайларды растайды және еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша жәрдемақы тағайындамай, жұмыстан немесе оқудан босату үшін пайдаланылады.
Құжатты қалай алуға болады?
-
Медициналық ұйымға жүгініңіз немесе медициналық көрсетілімдер болған жағдайда медицина қызметкерін үйге шақырыңыз.
-
Медициналық қарап-тексеруден және қажетті зерттеп-қараулардан өтіңіз.
-
Сәйкестендіру үшін жеке басты куәландыратын құжатты немесе электрондық құжатты ұсыныңыз.
-
Еңбекке уақытша жарамсыздық анықталған жағдайда белгіленген тәртіппен еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын алыңыз.
-
Медицина қызметкерінің ұсынымдарын орындаңыз және қажет болған жағдайда құжаттың мерзімін ұзарту мәселесін шешу үшін қайта қарап-тексеруге келіңіз.
Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті өкілеттіктері бар медициналық ұйымдар мен медицина қызметкерлері береді.
Құжатты онлайн ресімдеуге бола ма?
eGov.kz порталында мынадай мемлекеттік қызметтер қолжетімді:
Электрондық сұрау салуды беру медициналық куәландыруды және уәкілетті медицина қызметкерінің еңбекке уақытша жарамсыздықты анықтауын алмастырмайды.
Мемлекеттік қызметтің құны: тегін.
Құжатты беру бойынша қызмет көрсету мерзімі: мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес қажетті мәліметтер мен құжаттар ұсынылғаннан кейін 30 минуттан аспайды.
Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы қандай мерзімге беріледі?
Еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімін медицина қызметкері диагнозға, пациенттің жағдайына және еңбекке уақытша жарамсыздық сараптамасын жүргізудің қолданыстағы қағидаларына сәйкес айқындайды.
Мерзімді ұзарту қажет болған жағдайда заңнамада көзделген жағдайларда бұл мәселе уәкілетті медицина қызметкерлерінің немесе дәрігерлік-консультациялық комиссияның қатысуымен қаралады.
Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы бойынша төлем қалай жүргізіледі?
Еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша әлеуметтік жәрдемақыны Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен жұмыс беруші тағайындайды және төлейді.
Жәрдемақы мөлшері орташа жалақыны, еңбекке уақытша жарамсыздық кезеңін, сондай-ақ заңнамада белгіленген шектеулер мен ерекшеліктерді ескере отырып есептеледі.
Маңызды! Құжатты беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін пациенттің еңбекке уақытша жарамсыз деп танылатын мерзімімен шатастырмау қажет.
