Сіз ауырып қалдыңыз ба?

Жүктеу

Кенеттен денсаулығы нашарлаған кезде қайда жүгіну қажет?

Кенеттен денсаулық нашарлап, шұғыл медициналық көмек қажет болғанда  қалалық не мобильді телефон арқылы тегін және тәулік бойы 103 телефон нөміріне хабарласып, «жедел жәрдемді» шақыру қажет. 

Төтенше жағдайда немесе бірнеше қызметтерге шұғыл әрекет ету қажет болған жағдайда 112 бірыңғай нөміріне қоңырау шалуға болады.

Жедел медициналық көмек бригадалары үлкендер мен балалардың өміріне қауіп төндіретін жағдайлар, жазатайым оқиғалар мен жіті жедел аурулар болған кезде тәулік бойы шұғыл медициналық көмек көрсетеді.

Сіз дәрігерлерге олар уақытында білікті көмек көрсету үшін барынша көмек көрсетуіңіз қажет.

Диспетчермен телефон арқылы сөйлесу кезінде жиналу, үрейленбеу және қойылған сұрақтарға нақты жауап беру керек, атап айтқанда:

  • пациенттің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жасы және жынысы;
  • науқастың жағдайы бойынша деректер және жазатайым оқиға, жарақат немесе ауру жағдайлары;
  • мекен-жайы мен телефоны, сондай-ақ пациенттің орналасқан жеріне жол жүру жөніндегі болжамды деректер.

Маңызды! Жедел медициналық көмек емханаға тіркелуіне қарамастан көрсетіледі. Өмірге қауіп төндірмейтін жағдайларда шақыртуға қолданыстағы қағидаларға сәйкес медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) ұйымының мобильді бригадасы қызмет көрсете алады.

Жаңарту күні: Көру саны:643
  1. Кенеттен денсаулығы нашарлаған кезде қайда жүгіну қажет?