Сіз ауырып қалдыңыз ба?

Жүктеу

Емханаға қалай тіркелуге болады?

Сіз бір әкімшілік-аумақтық бірлік (ауыл, кент, қала, облыстық маңызы бар қаладағы аудан, Республикалық маңызы бар қала, астана) шегінде Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға (МСАК)  еркін таңдау құқығын ескере отырып, тұрақты немесе уақытша тұратын жері бойынша емханаға тіркеле аласыз.

Емханаға электронды Үкімет порталы арқылы онлайн тіркелуге болады. Бұл жағдайда Сізге тіркеу туралы хабарлама (талон) немесе МСАК ұйымының ЭЦҚ қойылған "жеке кабинетке" электрондық құжат нысанында дәлелді бас тарту келіп түседі.

ҚР емханаларының байланыс телефондарын облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың денсаулық сақтау басқармаларының ресми сайттарынан білуге болады.

Емхананы ауыстырған кезде жаңа медициналық ұйымға тіркелу ресімделгеннен кейін бұрынғы медициналық ұйымнан тіркеуден шығару автоматты түрде жүзеге асырылады.
Маңызды! Емханаға тіркелу медициналық ұйымды таңдаудың белгіленген қағидалары, оның қызмет көрсету аумағы және емхананы ауыстыру үшін көзделген негіздер ескеріле отырып жүзеге асырылады.

 

Жаңарту күні: Көру саны:846
  1. Емханаға қалай тіркелуге болады?