Кім тегін стоматологиялық көмек ала алады?

Жүктеу

Тегін стоматологиялық көмекті алу үшін қайда баруға болады?

Бұл емханалар жанындағы стоматологиялық кабинеттер және тиісті қызметтерді көрсету үшін Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен шарт жасасқан жеке стоматологиялық клиникалар болуы мүмкін.

Медициналық көмекті қалай алуға болады?

  1. Тегін стоматологиялық көмек алушылар санатына жататыныңызды нақтылаңыз.

  2. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі шеңберінде қажетті қызметті көрсететін медициналық ұйымды табыңыз.

  3. Клиникаға хабарласып, қызметті алу мүмкіндігін нақтылаңыз.

  4. Жүгінген кезде жеке басты куәландыратын құжатты немесе цифрлық құжатты көрсетіңіз.

  5. Қажет болған жағдайда жеңілдікті санатқа жататыныңызды растайтын құжаттарды немесе мәліметтерді ұсыныңыз.

  6. Қажетті емдеуді анықтайтын стоматолог дәрігердің қарап-тексеруінен өтіңіз.

Учаскелік дәрігердің жолдамасы қажет пе?

Шұғыл және жоспарлы стоматологиялық көмек алу үшін медициналық-санитариялық алғашқы көмек дәрігерінің жолдамасы талап етілмейді.

Стоматологиялық клиниканы қайдан табуға болады?

МӘМС жүйесі шеңберінде қызмет көрсететін медициналық ұйымдар туралы ақпаратты мына жерлерден нақтылауға болады:

  • Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының ресми сайтынан — msqory.kz;

  • 1414 нөмірі бойынша Бірыңғай байланыс орталығы арқылы;

  • өзіңіз тіркелген емханадан.

Маңызды! Стоматологиялық клиникада лицензияның болуы оның барлық қызметтері тегін көрсетіледі дегенді білдірмейді. Тиісті медициналық қызметті көрсетуге арналған шарттың бар-жоғын нақтылау қажет.

Жаңарту күні: Көру саны:12889
  1. Тегін стоматологиялық көмекті алу үшін қайда баруға болады?