Кім тегін стоматологиялық көмек ала алады?
ЖүктеуКім тегін стоматологиялық көмекке құқылы?
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-106/2020 бұйрығына сәйкес жоспарлы стоматологиялық көмек мына санаттарға көзделген:
-
18 жасқа дейінгі балалар.
-
Жүкті әйелдер.
Тегін шұғыл стоматологиялық көмек кімдерге көрсетіледі?
Шұғыл стоматологиялық көмек алу құқығы халықтың мынадай санаттарына көзделген:
-
18 жасқа дейінгі балалар.
-
Жүкті әйелдер.
-
Ұлы Отан соғысының ардагерлері.
-
I, II және III топтағы мүгедектігі бар адамдар.
-
«Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көпбалалы аналар.
-
Атаулы әлеуметтік көмек алушылар.
-
Жасына байланысты зейнеткерлер.
-
Инфекциялық, әлеуметтік мәні бар аурулары және айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулары бар пациенттер.
-
Мүгедектігі бар балаға күтім жасайтын жұмыс істемейтін адамдар.
-
Бала кезінен I топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасайтын жұмыс істемейтін адамдар.
Тегін ортодонтиялық көмек кімдерге көрсетіледі?
Ортодонтиялық көмектің жекелеген түрлері жақ-бет аймағының туа біткен патологиясы, оның ішінде үстіңгі ерін мен таңдай жырығы бар балаларға көзделген.
Тіс-жақ аномалиялары бар аз қамтылған отбасылардағы балаларға тегін ортодонтиялық көмек көрсету мүмкіндігі медициналық қызметтердің қолданыстағы тізбесіне және оларды көрсетудің белгіленген шарттарына сәйкес айқындалады.
Маңызды! Тегін ортодонтиялық көмек пациенттің таңдауы бойынша кез келген ортодонтиялық құрылымдарды немесе тістемді түзету әдістерін ұсынуды білдірмейді.
