Ерекше білім беру қажеттілігі бар баланы психологиялық-педагогикалық қолдау қалай жүзеге асырылады?
ЖүктеуПсихологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің мазмұны
Психологиялық-педагогикалық қолдаудың мазмұны білім алушының (тәрбиеленушінің) жеке білім беру қажеттіліктеріне қарай айқындалады.
Ерекше білім беру қажеттіліктерін (ЕБҚ) бағалау нәтижелеріне байланысты мынадай жағдайлар мен іс-шаралар көзделуі мүмкін.
1. Білім беру процесін бейімдеу
-
көзделген жағдайларда оқу бағдарламаларын бейімдеу;
-
қажет болған жағдайда жеке дамыту бағдарламалары мен жеке оқу жоспарларын әзірлеу;
-
оқытудың жеке әдістерін таңдау.
2. Бағалау тәсілдерін бейімдеу
Қажет болған жағдайда бағалау тәсілдері мен өлшемшарттары баланың жеке мүмкіндіктері мен білім беру бағдарламасының мазмұнын ескере отырып таңдалады.
3. Оқытудың арнайы әдістерін қолдану
Баланың қажеттіліктеріне байланысты мыналар қолданылуы мүмкін:
-
тапсырмалардың көлемі мен күрделілігін өзгерту;
-
тапсырмаларды орындауға берілетін уақытты ұлғайту;
-
қысқа және кезең-кезеңімен берілетін нұсқаулар;
-
көрнекі материалдар мен тапсырмаларды орындау үлгілері;
-
оқытудың арнайы және баламалы әдістері.
4. Арнайы оқу материалдарын таңдау
Қажет болған жағдайда бейімделген оқулықтар, оқу құралдары, техникалық және көмекші құралдар, оның ішінде көру, есту қабілеті бұзылған және дамуында басқа да ерекшеліктері бар білім алушыларға арналған материалдар пайдаланылады.
5. Қолжетімді білім беру ортасын құру
Білім беру ұйымы үй-жайлардың қолжетімділігін қамтамасыз ету, оқу орнын бейімдеу және қажетті жабдықтарды пайдалану бойынша заңнамада көзделген шараларды қабылдайды.
6. Арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету
ЕБҚ бағалау нәтижелері мен мамандардың ұсынымдарын ескере отырып, педагог-психологтің, арнайы педагогтің, педагог-ассистенттің және басқа да мамандардың қызметтері көрсетілуі мүмкін.
7. Ата-аналармен өзара іс-қимыл жасау
Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің (ППҚҚ) мамандары ата-аналарға (заңды өкілдерге) баланы оқыту, дамыту және қолдау мәселелері бойынша консультация береді.
Маңызды! Қолдаудың нақты көлемі, арнайы жағдайлардың қажеттілігі және жекелеген мамандардың қатысуы білім беру қажеттіліктерін бағалау нәтижелері бойынша және қолданыстағы нормативтік талаптарға сәйкес айқындалады.
