Ерекше білім беру қажеттілігі бар баланы психологиялық-педагогикалық қолдау қалай жүзеге асырылады?
ЖүктеуЕрекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау дегеніміз не?
Психологиялық-педагогикалық қолдау мыналарды қамтиды:
-
Білім алушыларды (тәрбиеленушілерді), оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеу, оқыту және дамыту кезіндегі қиындықтарды анықтау.
-
Оқыту үшін қажетті жағдайларды айқындау мақсатында ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау.
-
Педагогтерге және білім алушылардың отбасыларына консультациялық-әдістемелік көмек көрсету.
-
Табысты оқыту, тәрбиелеу, дамыту және әлеуметтендіру үшін әлеуметтік және психологиялық-педагогикалық жағдайлар жасау.
Қолдау баланың жеке ерекшеліктері мен білім беру қажеттіліктерін ескере отырып ұйымдастырылады.
Қолдау кімдерге көрсетілуі мүмкін?
Атап айтқанда, мынадай білім алушыларға:
-
мінез-құлық және эмоционалдық проблемалары бар;
-
әлеуметтік-психологиялық, экономикалық, тілдік және мәдени кедергілерге байланысты қиындықтарға тап болған;
-
мүмкіндіктері шектеулі.
