Көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақылар мен жеңілдіктер

Жүктеу

"Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен және басқа да ордендермен марапатталған көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы

"Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған көпбалалы аналарға   ай сайын:

  •  "Күміс алқа" алқаларымен марапатталғандарға-6,4 АЕК;
  •  "Алтын алқа" алқасымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған-7,4 АЕК.

Қызметті үш жолмен алуға болады:

1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

Көп балалы анаға жәрдемақы тағайындау үшін марапаттауды растайтын құжатты қоса бере отырып, корпорацияға өтініш беру жолымен жүгіну қажет:

  • жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
  • "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көп балалы ананың наградталғанын немесе атағын алғанын растайтын құжат.

Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін-Байқоңыр қаласының тұрғын үй шаруашылығы азаматтарын есепке алу және тіркеу бөлімінің анықтамасы.

2) ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы (проактивті);

Проактивті қызмет арқылы қызмет көрсету кезінде қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының ұялы телефонына sms-хабарлама арқылы ұсынылады (өтініш берушінің мобильді азаматтары базасында тіркелген жағдайда). Көрсетілетін қызметті алушының проактивті қызмет көрсетуге келісімі, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысы арқылы банктік шот нөмірін растау немесе ұсыну қажет.

3) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (портал).

"Электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы тағайындауға жүгінген кезде-электрондық құжат нысанындағы өтініш, "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, I және "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көп балалы ананың наградталғанын немесе атағын алғанын растайтын құжаттың сканерленген көшірмесі II дәрежелі", банктік шоттың деректері және ЭЦҚ көмегімен қол қою.

Жаңарту күні: Көру саны:22314
  1. "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен және басқа да ордендермен марапатталған көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы