Шетелдік қаржыландыру кезінде қандай есептер ұсынылады

Жүктеу

Шетелдік қаржыландыру туралы мәліметтерді ұсынбағаны үшін жауапкершілік

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде шетелдік көздерден алынған ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті алу және жұмсау туралы мәліметтерді ұсыну тәртібін бұзғаны үшін жауаптылық көзделген.

Хабарламағаны, мәліметтерді ұсынбағаны немесе уақтылы ұсынбағаны үшін:

Құқық бұзушының санаты

Айыппұл

Жеке тұлғалар

50 АЕК

Шағын кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар

100 АЕК

Орта кәсіпкерлік субъектілері

200 АЕК

Ірі кәсіпкерлік субъектілері

350 АЕК

Анық емес немесе көрінеу жалған мәліметтерді ұсынғаны үшін:

Құқық бұзушының санаты

Айыппұл

Жеке тұлғалар

100 АЕК

Шағын кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар

200 АЕК

Орта кәсіпкерлік субъектілері

400 АЕК

Ірі кәсіпкерлік субъектілері

700 АЕК

Аталған құқық бұзушылық үшін қызметті тоқтата тұру да көзделген.

Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде құқық бұзушылықтарды қайталап жасағаны үшін:

Құқық бұзушының санаты

Айыппұл

Жеке тұлғалар

150 АЕК

Шағын кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар

250 АЕК

Орта кәсіпкерлік субъектілері

450 АЕК

Ірі кәсіпкерлік субъектілері

1 000 АЕК

Құқық бұзушылық қайталанған жағдайда қызметке тыйым салу да көзделген.

АЕК мөлшері тиісті қаржы жылына арналған заңнамаға сәйкес айқындалады.

Жаңарту күні: Көру саны:90
  1. Шетелдік қаржыландыру туралы мәліметтерді ұсынбағаны үшін жауапкершілік