Ағзаларды трансплантаттау туралы не білу керек
ЖүктеуКім ағзаларын бере алмайды?
Донор болу мүмкіндігі адамның жасын, денсаулық жағдайын, медициналық зерттеп-қарау нәтижелерін және заңнама талаптарын ескере отырып, жеке тәртіппен айқындалады.
Тірі донорларға қойылатын шектеулер
Заңда белгіленген талаптар сақталмаған жағдайда, оның ішінде қажетті ерікті келісім, әрекет қабілеттілігі болмаған немесе ағзаны не тінді қауіпсіз алу медициналық тұрғыдан мүмкін болмаған жағдайда тірі кезіндегі донорлыққа жол берілмейді.
Егер медициналық зерттеп-қарау донорлықтың әлеуетті донордың денсаулығына жол берілмейтін зиян келтіруі мүмкін екенін көрсетсе, рәсімді жүргізуге жол берілмейді.
Қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа қойылатын шектеулер
Заңнамада көзделген негіздер, оның ішінде қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа белгіленген келіспеушілік болған жағдайда ағзалар мен тіндерді алуға жол берілмейді.
Инфекциялық аурулар болған кезде ағзаларды пайдалану мүмкіндігі арнайы медициналық талаптарға сәйкес айқындалады. Инфекцияның болуы барлық жағдайда трансплантаттауға автоматты түрде тыйым салынатынын білдірмейді.
Маңызды! Донор мен ағзаның трансплантаттауға медициналық тұрғыдан жарамдылығы туралы түпкілікті шешімді қолданыстағы нормативтік талаптарды ескере отырып, уәкілетті медицина мамандары қабылдайды.
