Ағзаларды трансплантаттау туралы не білу керек
ЖүктеуКім донор бола алады?
Қазақстан Республикасында ағзалар мен тіндер донорлығының екі негізгі түрі көзделген: тірі кезіндегі және қайтыс болғаннан кейінгі донорлық.
Тірі кезіндегі донорлық
Тірі донор ретінде трансплантаттау мақсатында ағзасын, ағзасының бір бөлігін немесе тінін алуға ерікті түрде келісім берген кәмелетке толған, әрекетке қабілетті адам бола алады.
Тірі кезіндегі донорлық үшін:
-
18 жасқа толу.
-
Толық әрекет қабілеттілігіне ие болу.
-
Ерікті түрде жазбаша, нотариат куәландырған келісім беру.
-
Қажетті медициналық зерттеп-қараудан өту.
-
Медициналық қарсы көрсетілімдердің және денсаулыққа жол берілмейтін қауіптің жоқтығы туралы растау алу.
-
Заңнамада көзделген жағдайларда этикалық комиссияның бағалауын қоса алғанда, донор болу мүмкіндігін қараудың белгіленген рәсімінен өту қажет.
Тірі кезіндегі донорлыққа белгіленген медициналық және құқықтық талаптар сақталған жағдайда ғана жол беріледі.
Қайтыс болғаннан кейінгі донорлық
Қайтыс болғаннан кейінгі донорлық заңнамада белгіленген шарттар сақталған жағдайда қайтыс болған адамның ағзалары мен тіндерін трансплантаттау үшін пайдалануды көздейді.
Қайтыс болған донордан ағзаларды алуға өлім фактісі тиісті тәртіппен анықталғаннан және қажетті медициналық әрі құқықтық рәсімдер жүргізілгеннен кейін жол беріледі.
Бұл ретте адамның тірі кезінде тіркелген ерік білдіруі және ағзаларды алуға жол бермейтін заңда көзделген негіздер ескеріледі.
Маңызды! Донорлық ерікті түрде және белгіленген талаптарға сәйкес жүзеге асырылуға тиіс. Нақты ағзаны немесе тінді пайдалану мүмкіндігін медицина мамандары айқындайды.
