Скринингтен кім және қашан өту керек
ЖүктеуСкринингтік зерттеу нәтижелері
Скрининг аяқталғаннан кейін медицина қызметкері пациентті тексеру нәтижелері туралы хабардар етеді.
Егер ауытқулар анықталмаса
Пациентке аурулардың алдын алу және салауатты өмір салтын сақтау бойынша ұсынымдар беріледі.
Егер қауіп факторлары анықталса
Медицина қызметкері өмір салтын өзгерту бойынша ұсынымдар береді, ал қажет болған жағдайда қосымша тексерулерге жолдайды.
Егер ауру анықталса
Пациент медициналық көмек көрсетудің белгіленген қағидаларына сәйкес одан әрі тексеруге, емдеуге немесе динамикалық бақылауға жіберіледі.
Созылмалы аурулар анықталған жағдайда динамикалық бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің № ҚР ДСМ-109/2020 және № ҚР ДСМ-149/2020 бұйрықтарына сәйкес жүзеге асырылады.
Онкологиялық аурудың белгілері анықталған жағдайда пациент қосымша тексеруге және мамандандырылған медициналық көмек алуға жіберіледі.
Скрининг нәтижелері медициналық цифрлық жүйеге және электрондық денсаулық паспортына енгізіледі.
Техникалық мүмкіндік болмаған жағдайда медициналық құжаттама қағаз жеткізгіште ресімделеді, кейіннен деректер бір күнтізбелік айдан кешіктірілмей цифрлық жүйеге енгізіледі.
Маңызды! Скрининг ауру белгілері жоқ адамдарда ауруларды ерте анықтауға арналған. Егер сізде ауруға қатысты шағымдар немесе белгілер болса, жоспарлы скринингті күтпей, дәрігерге жүгіну қажет.
