Скринингтен кім және қашан өту керек
ЖүктеуҚарап тексеруді жүргізу тәртібі
Скринингтік зерттеулер тексеру түріне байланысты кезең-кезеңімен жүргізіледі.
Бірінші кезең — бастапқы тексеру
Бірінші кезеңде медицина қызметкері қауіп факторларын және нормадан ықтимал ауытқуларды анықтау үшін қажетті зерттеулерді жүргізеді.
Скрининг түріне байланысты мыналар көзделген:
-
сауалнама жүргізу және қауіп факторларын бағалау;
-
бойды, салмақты және артериялық қысымды өлшеу;
-
липид алмасуының көрсеткіштерін және гликирленген гемоглобин деңгейін анықтау;
-
көзішілік қысымды өлшеу;
-
қан тамырларының ультрадыбыстық доплерографиясы — ерлердің белгіленген тобы үшін;
-
маммография — сүт безі обырын ерте анықтау үшін;
-
жатыр мойнынан алынған жағындыны цитологиялық зерттеу (ПАП-тест);
-
нәжісті жасырын қанға зерттеу — колоректалдық обырды анықтау үшін;
-
В және С вирустық гепатиттерінің маркерлеріне экспресс-тестілеу;
-
кеуде қуысы ағзаларының компьютерлік томографиясы — қауіп тобына жататын адамдарда өкпе обырына скрининг жүргізу үшін.
Екінші кезең — қосымша тексеру
Егер бірінші кезеңнің нәтижелері бойынша ауытқулар анықталса, дәрігер медициналық цифрлық жүйеде қосымша тексеруге жолдама ресімдейді.
Медициналық көрсетілімдерге байланысты бейінді мамандардың консультациялары, қосымша зертханалық зерттеулер, колоноскопия, биопсия және басқа да диагностикалық рәсімдер тағайындалуы мүмкін.
Қорытынды кезең
Тексеру нәтижелері бойынша дәрігер:
-
Жүргізілген зерттеулердің нәтижелерін талдайды.
-
Ауру анықталған жағдайда қорытынды диагноз қояды.
-
Нәтижелерді медициналық цифрлық жүйеге енгізеді.
-
Пациентті нәтижелер туралы хабардар етеді.
-
Қажет болған жағдайда емдеуге, қосымша тексеруге немесе динамикалық бақылауға жолдайды.
Скринингтік зерттеуді аяқтау мерзімі — белгіленген нысаналы топтар үшін 60 күн.
Егер азамат ауруына, жүктілігіне, тіркелген емханасын ауыстыруына, елден уақытша шығуына немесе тексеруден бас тартуына байланысты скринингтен өтпесе, белгіленген мерзімділікті сақтай отырып, келесі күнтізбелік жылы скринингтен өтуіне жол беріледі.
