Скринингтен кім және қашан өту керек
ЖүктеуСкринингтен кім өте алады
Скринингтік зерттеулер ауру белгілері жоқ халықтың белгілі бір жас және нысаналы топтары арасында жүргізіледі.
Кімдер скринингтен өтуге жатады?
-
Жүрек-қантамыр ауруларын, қант диабетін, глаукоманы және онкологиялық ауруларды ерте анықтау үшін белгіленген жас топтарына кіретін ересектер.
-
В және С вирустық гепатиттеріне скрининг жүргізудің белгіленген өлшемшарттарына сәйкес келетін 18 жастан асқан ерлер мен әйелдер.
-
Өкпе обырының даму қаупі жоғары белгілі бір топтарға жататын адамдар.
-
Қолданыстағы қағидаларға сәйкес нысаналы топтарға жатқызылған басқа да адамдар.
Скринингтен қалай өтуге болады?
-
Өзіңіз тіркелген емханаға жүгініңіз.
-
Ағымдағы жылы скринингтік зерттеуден өтуге жататыныңызды нақтылаңыз.
-
Тексеруден өтетін күн мен уақытты келісіңіз.
-
Көзделген зерттеулерден өтіңіз.
-
Медицина қызметкерінің қорытындысы мен ұсынымдарын алыңыз.
Медициналық ұйымдар нысаналы топтардың тізімдерін өз бетінше қалыптастырады және азаматтарды скринингтен өтуге шақырады.
Скринингтік зерттеулер амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдарда, оның ішінде жылжымалы медициналық кешендер мен медициналық пойыздарды пайдалану арқылы жүргізіледі.
Балалар скринингі
Балаларды профилактикалық медициналық қарап-тексерулер Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің № ҚР ДСМ-264/2020 бұйрығымен бекітілген жеке қағидалармен реттеледі.
Маңызды! Жұмыс беруші еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс орны мен орташа жалақысын сақтай отырып, қызметкердің жұмыс уақытында көзделген скринингтік зерттеулерден өтуіне жағдай жасауға міндетті.
