Елді мекенде ағаш кесу қалай жүргізіледі?

Жүктеу

Жасыл желекті кесуге рұқсатты қалай алуға болады

«Ағаштарды кесуге рұқсат беру» мемлекеттік қызметін Астана, Алматы, Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары көрсетеді.

Өтінішті онлайн қалай беруге болады?

  1. «Ағаштарды кесуге рұқсат беру» мемлекеттік қызметін таңдаңыз.

  2. Авторизациядан өтіп, электрондық өтінішті толтырыңыз.

  3. Ағаштарды кесудің тиісті негізіне байланысты қажетті құжаттарды тіркеңіз.

  4. Өтінішке электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) қол қойыңыз.

  5. Жеке кабинетте өтініштің мәртебесін қадағалаңыз.

  6. Электрондық рұқсатты немесе дәлелді бас тартуды алыңыз.

Қандай құжаттар қажет?

Құжаттар тізбесі өтініш беру негізіне байланысты болады.

Құрылыс салу, инженерлік желілерді реконструкциялау немесе аумақты абаттандыру кезінде мынадай құжаттар талап етілуі мүмкін:

  • егер қажетті мәліметтер мемлекеттік ақпараттық жүйелерде болмаса, жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттар;

  • қағидаларда көзделген сараптамалық қорытынды;

  • жасыл екпелерді түгендеу және орман-патологиялық зерттеп-қарау материалдары;

  • өтемдік отырғызу жоспары;

  • өтемдік отырғызу туралы кепілдік хат;

  • өтемдік көгалдандыру бойынша мамандандырылған ұйыммен жасалған шарт.

Ортақ пайдаланудағы жерлерде ағаштарды кесу үшін құжаттардың жеке тізбесі көзделген.

Әрбір негіз бойынша құжаттардың толық тізбесі «Ағаштарды кесуге рұқсат беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 1-қосымшаның 10-тармағында белгіленген.

Қызмет көрсету мерзімі: портал арқылы өтініш берілген сәттен бастап 10 жұмыс күні.

Құны: тегін.

Нәтижесі: өтініш берушінің жеке кабинетіне жіберілетін ағаштарды кесуге рұқсат немесе дәлелді бас тарту.

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі байланыс орталығы: 1414.

Жаңарту күні: Көру саны:1971
  1. Жасыл желекті кесуге рұқсатты қалай алуға болады