Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы не білу керек
ЖүктеуГеномдық тіркеу
Геномдық тіркеу
Геномдық тіркеу — адамның немесе танылмаған мәйіттің биологиялық материалынан алынған геномдық ақпаратты жеке басын анықтау және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда пайдалану мақсатында жинау, өңдеу және сақтау.
Міндетті геномдық тіркеуге кімдер жатады?
Қазақстан Республикасының «Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы» Заңының 18-бабына сәйкес міндетті геномдық тіркеуге мыналар жатады:
-
Ауыр немесе аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 120, 121, 122, 123 және 124-баптарында көзделген қылмыстар үшін сотталған адамдар.
-
Биологиялық материалы Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында ашылмаған ауыр немесе аса ауыр қылмыстар, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 120–124-баптарында көзделген қылмыстар бойынша алынған анықталмаған адамдар.
-
Танылмаған мәйіттер.
Азаматтардың келісімімен жүргізілетін геномдық тіркеу
Хабар-ошарсыз кеткен азаматтардың биологиялық туыстары өздерінің келісімімен геномдық тіркеуге жатады.
Бірінші кезекте хабар-ошарсыз кеткен азаматтың ата-анасы және (немесе) балалары, ал олар болмаған жағдайда туыстық дәрежесіне қарай басқа биологиялық туыстары тіркеуден өтеді.
Тіркеу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
Геномдық тіркеу қалай жүргізіледі?
Геномдық тіркеуді жүргізу үшін заңнамада белгіленген тәртіппен биологиялық материал алынады. Алынған материал зерттеу жүргізу үшін уәкілетті бөлімшелерге немесе сараптама ұйымдарына жіберіледі.
Геномдық ақпаратты сақтау мерзімдері
Қазақстан Республикасының «Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы» Заңының 29-бабына сәйкес геномдық ақпаратты сақтау мерзімдері тіркелген адамдардың санатына байланысты:
-
Сотталған адамдар: геномдық тіркеу күнінен бастап олардың қайтыс болу фактісі анықталғаннан кейін 25 жыл өткенге дейін, ал қайтыс болғаны немесе соттың оны қайтыс болды деп жариялағаны туралы мәліметтер болмаған жағдайда — адам 100 жасқа толар күнге дейін.
-
Биологиялық материалы сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында алынған анықталмаған адамдар: геномдық тіркеу күнінен бастап 25 жыл.
-
Хабар-ошарсыз кеткен азаматтардың биологиялық туыстары: хабар-ошарсыз кеткен адамның орналасқан жері анықталғанға дейін немесе қылмыстық іс қылмыстық оқиғаның немесе құрамның болмауына байланысты тоқтатылғанға дейін.
-
Танылмаған мәйіттер: қайтыс болған адамның жеке басы анықталғанға дейін, бірақ геномдық тіркеу күнінен бастап 25 жылдан аспайтын мерзімде.
Геномдық ақпаратты жинау, өңдеу, пайдалану және сақтау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
