Қазақстанда босқын мәртебесін қалай алуға болады

Жүктеу

Босқындардың қандай құқықтары бар

Қазақстан Республикасында босқын деп танылған адамдар заңнамада көзделген құқықтар мен міндеттерге ие.

Босқындардың негізгі құқықтары:

  • өз құқықтары мен міндеттері туралы ақпарат алуға;

  • құқықтары мен заңды мүдделерін сот арқылы қорғауға;

  • Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбек қызметін жүзеге асыруға;

  • заңнамада белгіленген көлемде және шарттарда медициналық көмек алуға;

  • Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес білім алуға;

  • белгіленген талаптарды сақтаған жағдайда заңда көзделген әлеуметтік қолдау шараларын алу үшін жүгінуге;

  • заңды негіздер болған жағдайда Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу және азаматтығын алу үшін өтініш беруге;

  • шыққан елінде қалған туыстары туралы ақпарат алуға жәрдем сұрауға.

Қандай міндеттер көзделген?

Босқындар Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға, заңда көзделген жағдайларда уәкілетті органдардың талаптарын орындауға және өз мәртебесіне әсер ететін мән-жайлар туралы уақтылы хабарлауға міндетті.

Маңызды! Медициналық көмектің, әлеуметтік қолдаудың, зейнетақымен қамсыздандырудың және білім берудің жекелеген түрлеріне құқық тиісті заңнамамен айқындалады. Босқын мәртебесін беру Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей шарттарда барлық төлемдер мен жеңілдіктердің автоматты түрде ұсынылатынын білдірмейді.

 
Жаңарту күні: Көру саны:1697
  1. Босқындардың қандай құқықтары бар