Егінді форвардтық сатып алуға қатысушы кім бола алады
ЖүктеуФорвардтық сатып алу механизмі қандай
Форвардтық сатып алуды «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен жасалған шарттар негізінде жүзеге асырады.
Негізгі кезеңдер
-
Азық-түлік келісімшарт корпорациясы тиісті ауыл шаруашылығы маусымына арналған форвардтық сатып алу шарттарын жариялайды.
-
Ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші өтінім мен қажетті құжаттарды ұсынады.
-
Өтінім белгіленген тәртіппен, оның ішінде тиісті әкімдік жанындағы Үйлестіру кеңесінде қаралады.
-
Өтінім мақұлданып, қажетті қамтамасыз ету ұсынылғаннан кейін форвардтық сатып алу шарты жасалады.
-
Азық-түлік келісімшарт корпорациясы шарт талаптарына сәйкес алдын ала төлемді аударады.
-
Ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші өнім өндіруді және оны белгіленген мерзімде жеткізуді қамтамасыз етеді.
-
Өнім жеткізілгеннен кейін шарт талаптарына сәйкес түпкілікті есеп айырысу жүргізіледі.
Сатып алынатын ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесі, алдын ала төлем мөлшері, өнім сапасына қойылатын талаптар, түпкілікті бағаны айқындау тәртібі және жеткізу мерзімдері тиісті маусымға белгіленеді.
Өзекті шарттар Азық-түлік келісімшарт корпорациясының ресми сайтында жарияланады: https://fcc.kz/ru/deyatelnost/mery-podderzhki/.
