Қалай еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақты төлеуге болады

Жүктеу

Жекелеген жағдайларда жәрдемақы төлеу ерекшеліктері

Қазақстан Республикасының заңнамасында қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша әлеуметтік жәрдемақыны тағайындау мен төлеудің ерекшеліктері көзделген.
Басқа ұйымға жұмыс істеуге жіберілген жағдайда
Егер қызметкер негізгі жұмыс орны бойынша жалақысы толық немесе ішінара сақтала отырып, басқа ұйымға жұмыс орындау үшін жіберілсе, жәрдемақы оның жұмыс орны бойынша төленеді.
Маусымдық, үй қызметкерлері және үйде жұмыс істейтін қызметкерлер үшін
Жәрдемақы заңнамада көзделген тәртіппен жұмыс орны бойынша тағайындалады және төленеді.
Жұмыс берушінің жолдамасы бойынша оқудан өткен жағдайда
Егер қызметкер жұмыс берушінің жолдамасы бойынша жалақысы сақтала отырып, даярлау, қайта даярлау немесе біліктілігін арттыру курстарына жіберілсе, жәрдемақы жұмыс орны бойынша төленеді.
Протездік-ортопедиялық ұйымда емделген жағдайда
Қызметкер протездік-ортопедиялық ұйымның стационарына жатқызылған жағдайда жәрдемақы стационарда болған кезеңі үшін, сондай-ақ емделу орнына бару және кері қайту жолына кеткен уақыт үшін төленеді.
Жұмысқа қайта алынған жағдайда
Егер қызметкер еңбек шарты заңсыз тоқтатылғаннан кейін жұмысқа қайта алынса, жәрдемақы белгіленген қағидаларға сәйкес жұмысқа шыққан күннен бастап төленеді.
Жұмыстан шеттетілген жағдайда
Егер еңбекке уақытша жарамсыздық жұмыстан заңды түрде шеттетілу кезеңінде туындаса, осы кезең үшін жәрдемақы төленбейді.
Егер еңбекке жарамсыздық жұмысқа жіберілгеннен кейін де жалғасса, жәрдемақы жұмысқа жіберілген күннен бастап төленеді.
Жұмыстан заңсыз шеттетілген жағдайда жәрдемақы алу құқығы заңнамаға сәйкес сақталады.

Жаңарту күні: Көру саны:899
  1. Жекелеген жағдайларда жәрдемақы төлеу ерекшеліктері