Қалай еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақты төлеуге болады

Жүктеу

Қандай жағдайларда жәрдемақы төлемейді

Жәрдемақы төмендегілерге төленбейді:

  1. заңды күшіне енген сот үкімімен кінәлі екендігі анықталған жағдайда, қылмыстық құқық бұзушылық жасау кезінде алған жарақаттарының салдарынан еңбекке уақытша қабілетсіздігі туындаған жағдайда;
  2. соттың ұйғарымы бойынша жұмыскерді мәжбүрлеп емдеген (психикалық науқастардан басқа) уақыт үшін;
  3. заңды күшіне енген сот үкімімен немесе қаулысымен жұмыскердің кінәлі екені анықталған жағдайда, ол қамауда болған уақыт үшін және сот-медициналық сараптама жасалған уақыт үшін;
  4. жұмыскер алкогольді, есірткіні және уытқұмарлық заттарды пайдалануы салдарынан туындаған аурулардан немесе жарақаттардан еңбекке уақытша қабілетсіз болған кезде;
  5. жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына келетін еңбекке уақытша жарамсыздық күндері үшін;
  6. жалақысы сақталмайтын демалысқа келетін еңбекке уақытша жарамсыздық күндері үшін;
  7. бала үш жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша жалақысы сақталмайтын демалысқа келетін еңбекке уақытша жарамсыздық күндері үшін.

Егер еңбекке уақытша жарамсыздық тиісті демалыс аяқталғаннан кейін де жалғасса, жәрдемақы қызметкер жұмысқа кірісуге тиіс күннен бастап заңнамада көзделген тәртіппен төленеді.
Маңызды! Жәрдемақы төлемеудің негіздері Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес келуге тиіс. Жұмыс берушінің олардың тізбесін өз бетінше кеңейтуге құқығы жоқ.

Жаңарту күні: Көру саны:1280
  1. Қандай жағдайларда жәрдемақы төлемейді