Әуесқойлық балық аулау үшін рұқсатты қалай алуға болады
ЖүктеуБалық шаруашылығының су айдындарында неге тыйым салынады
Балық шаруашылығы су айдынында немесе учаскесінде болған кезде балық ресурстарын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнама талаптарын сақтау қажет.
Мыналарға жол берілмейді:
-
су және жағалау өсімдіктерін жоюға, сондай-ақ балықтардың тіршілік ету жағдайларын нашарлататын өзге де әрекеттер жасауға;
-
уылдырық шашатын орындардың, қыстайтын шұңқырлардың және балық аулауға тыйым салынған учаскелердің шекараларын белгілейтін ақпараттық белгілерді бүлдіруге;
-
белгіленген нормалар мен рұқсат етілген көлемдерден артық балық ресурстарын аулауға;
-
тыйым салынған балық аулау құралдары мен тәсілдерін қолдануға;
-
заңнама талаптарын бұза отырып, сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген балық түрлерін аулауға;
-
тыйым салынған орындарда және тыйым қолданылатын кезеңдерде балық аулауға;
-
балық шаруашылығы су айдындарында жүзу құралдарын пайдалануға қойылатын талаптарды бұзуға.
Балық аулаушы жолдаманың немесе рұқсаттың талаптарын, егер оларды алу міндетті болса, сондай-ақ ауланатын балықтардың түрлеріне, мөлшеріне және санына қатысты қолданыстағы шектеулерді сақтауға міндетті.
