Әуесқойлық балық аулау үшін рұқсатты қалай алуға болады
ЖүктеуҚандай жағдайларда балық аулауға тыйым салынады
Әуесқойлық (спорттық) балық аулау кезінде Балық аулау қағидаларын және белгіленген шектеулерді сақтау қажет.
Атап айтқанда, мыналарға тыйым салынады:
-
белгіленген тыйымдар қолданылатын орындарда және мерзімдерде балық аулауға;
-
қолданыстағы тізбеде көзделмеген аулау құралдары мен тәсілдерін пайдалануға;
-
электр тогын, жарылғыш және улы заттарды, атыс қаруын және басқа да тыйым салынған құралдарды қолдануға;
-
тиісті тыйым қолданылатын кезеңде балықтардың қыстайтын шұңқырларында балық аулауға;
-
уылдырық шашу кезеңінде уылдырық шашатын орындарда балық аулауға;
-
белгіленген кәсіпшілік мөлшерден кіші балықтарды аулауға;
-
аулауға тыйым салынған балық түрлерін аулауға;
-
қажетті рұқсатсыз балық ресурстарын арнайы пайдалануға.
Жолдаманың немесе рұқсаттың болуы балық аулаушыны қолданыстағы шектеулер мен тыйымдарды сақтау міндетінен босатпайды.
