Әуесқойлық балық аулау үшін рұқсатты қалай алуға болады
ЖүктеуӘуесқойлық (спорттық) балық аулауға рұқсатты қалай аласыз
Қазақстан Республикасында балық ресурстарын қорғауға, оның ішінде балықтардың уылдырық шашу және көбею кезеңдерінде оларды сақтауға бағытталған балық аулауға қатысты шектеулер мен тыйымдар қолданылады.
Тыйым салу мерзімдері мен орындары балық шаруашылығы бассейндері, су айдындары және олардың учаскелері үшін жеке белгіленеді.
Шектеулер мыналарды қамтуы мүмкін:
-
балықтардың уылдырық шашу кезеңінде балық аулауға уақытша тыйым салу;
-
жекелеген учаскелерде жыл бойы балық аулауға тыйым салу;
-
балықтардың белгілі бір түрлерін аулауға шектеулер енгізу;
-
жекелеген аулау құралдары мен тәсілдерін қолдануға тыйым салу.
Балық аулауға барар алдында таңдалған су айдынына қатысты қолданыстағы шектеулерді тексеру қажет.
Тыйым салынған орындар мен мерзімдер Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2026 жылғы 3 наурыздағы № 78 «Балық ресурстары мен басқа да су жануарлары объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеулер мен тыйым салулар енгізу, оларды пайдалану орындары мен мерзімдерін белгілеу туралы» бұйрығымен белгіленген.
