Әуесқойлық балық аулау үшін рұқсатты қалай алуға болады

Жүктеу

Әуесқойлық балық аулаған кезде нені пайдалануға болады

Әуесқойлық (спорттық) балық аулау кезінде рұқсат етілген балық аулау құралдары мен тәсілдерінің қолданыстағы тізбесінде көзделген кәсіпшілік емес аулау құралдарын пайдалануға жол беріледі.
Мұндай құралдарға әртүрлі жабдықтармен және жемдермен жарақталған қармақтар, спиннингтер, тірі жемге арналған қармақтар (жерлицалар) және басқа да рұқсат етілген кәсіпшілік емес аулау құралдары жатады.
Шаян аулағыштарды, су астында аң аулауға арналған құралдарды және өзге де арнайы құрылғыларды пайдалануға белгіленген талаптар мен шектеулер сақталған жағдайда жол беріледі.
Рұқсат етілген балық аулау құралдары мен тәсілдерінің қолданыстағы тізбесіне енгізілмеген құралдар мен тәсілдерді қолдануға тыйым салынады.
Балық аулауға шықпас бұрын аулау құралдарының санына, ілмектердің санына және пайдаланылатын аулау құралдарының басқа да параметрлеріне қойылатын қолданыстағы талаптарды тексеру қажет.

Жаңарту күні: Көру саны:477
  1. Әуесқойлық балық аулаған кезде нені пайдалануға болады